Тұрмыстық зорлық-зомбылық істері полицияға арыз түспесе де қозғалады

Жыл сайын Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 400 әйел қайтыс болады


15/05/2023
15:38 18034 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық істері полицияға арыз түспесе де қозғалады. Бұл жөнінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Руслан Қаржаспеков мәлімдеді. 

 

– 1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшеді. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау дерегі бойынша хаттама толтыру үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камераларының жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот шығарады. Тараптардың татуласу мүмкіндігі жоққа шығарылады, – деді Қаржаспеков Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте. 

 

Оның айтуынша, қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша істер тараптардың татуласуына байланысты сотта тоқтатылады. Жыл басынан бері 5 мың іс осылай тоқтатылған. 

 

Қазақстанда ресми статистика бойынша, жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 400 әйел қайтыс болады. Бұл дегеніміз әр 10 күнде 11 әйел зорлық-зомбылықтан көз жұмады деген сөз.

Поделиться

Нет комментариев.

15/05/2023 15:38
18034 0

Уведомление